Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шәкірттері 75 жасқа толған Алтынбек Қоразбаевқа темір тұлпар мінгізді

Алтынбек Қоразбаевтың Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіков бастаған шәкірттері ұстаздарына темір тұлпарды сыйға тартты. Бұл туралы әнші Сәкен Майғазиев өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Сіздердің де шәкірттеріңіз еңбектеріңізді бағалап тұлпар мінгізсін”, – деп жазба қалдырды өнер иесі.

Композиторға автокөліктің кілтін табыстап жатып Тоқтар Серіков: “Шәкірттеріңіздің атынан елдің, ағайын-туыс, достарыңыздың алдында шаршамай жүрсін деп темір тұлпар мінгіземіз”, – деді.

Айта кетейік, композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев 1 ақпан күні 75 жасқа толды.

 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 12:05