Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шахизада ұлын не себепті өкпелеткенін айтты

Танымал әнші Шахизада ұлын аналық махаббатқа бөлей алмағанын айтып, “Менің өмірім” бағдарламасында сырымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/shahizada.art

“Балам кішкентай кезінде атасы мен апасының қолында болды. Мен олардың жағдайын жасап, аяққа тұрғызу үшін мансап қуып кеттім.Қаражат жинап, үй салғым келді. Менің мақсатым – сол үйде бала-шағаммен бақытты өмір сүру болды. Сөйтіп өнерде жүріп бауырларыма, айналамдағы адамдарға көмектестім, ұлымды оқытып, үйлендірдім. Мен бір нәседен қателестім. Балама аналық махаббатымды бере алмаппын. Ұлым маған сол үшін ренжіпті”, – дейді әнші. 

Өнер иесінің айтуынша, ұлының бала кездегі реніш әлі де қалып қойған.

“Қазірдің өзінде де балалық реніші қалып қойған. Сіңілілерім менің қателігімді жасамасыншы, аналық мейірімін баласынан аямасыншы деген оймен, мақсатпен желіде жазба жарияладым. Балам қазір психолог, ол көп нәрсені түсінді. Ұлым жаман жолға түсіп, адасқан, әке-шешесіне деген реніші бар балаларды емдейді”, – деді Шахизада .

Сондай-ақ, ол немерелерінің атасымен араласып тұратынын айтты.

“Мен араласыңдар деп айтамын. Қателеспейтін адам жоқ. Қателігін іздей беретін болсақ ол адам мен үшін де, немерелері үшін де өлдіге саналмай ма? Балалар өздері біледі, араласа ма, жоқ па, менен сұрамайды. Менің оған еш қарсылығым жоқ”, – деді ол өз сөзінде. 

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 16:38
Талқылау