Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Байқоңырға шетелдік туристердің кіруіне қатысты маңызды шешім қабылдады

Байқоңыр
Фото: Видеодан скрин

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов шетелдік туристер үшін “Байқоңыр” кешеніне баруға рұқсат алу тәртібі жеңілдегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, Үкімет “Байқоңыр” кешенінде туризмді дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіткен.

“Оны іске асыру аясында шетелдік туристерге рұқсат беру мерзімі 10 күнге дейін қысқартылды. Бұл кешеннің қолжетімділігін арттырып, туроператорларға зымыран ұшыру сәтін тамашалау және ұшырулар арасындағы кезеңге арналған туристік бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік берді”, – деді министр.

Оның сөзінше, Қазақстанға берілген Гагариннің ұшыру алаңы, монтаждау-сынақ кешені және динамикалық сынақтар стенді жоғары туристік әлеуетке ие. Алайда оларды тиімді пайдалану үшін жаңғырту жұмыстары мен қомақты инвестициялар қажет.

“Әлеуетті инвесторлар үшін жобалардың тизерлері дайындалды”, – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңырдағы “Бәйтерек” кешенін сақтандыруға 510 миллион теңге жұмсалатыны туралы жазған едік. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 09 Маусым, 2026 13:58