Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Мендей шашы болмаса да, жан-жаққа лақтырады": Еспанов ұлын жер-көкке сыйдырмай мақтады (видео)

Нұрлан Еспанов ұлы Олжасты жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«39 квадрат метр» әзіл-ысқақ бағдарламасында Нұрлан Еспанов ешнәрсе істей алмайтын ұлына жарнама жасайтын әке рөлін ойдағыдай ойнап шыққан. Ұлын қатты мақтап жіберген ол өзіне жарнама қажет емес екенін де жасырмады. 

«Мен өте танымал азаматпын ғой енді. Маған жарнаманың қажеті жоқ. Баламды алып келдім. Олжастың қандай талант екенін көрсеңдер ғой. Менікі сияқты шашы болмаса да, лақтырады жан-жаққа. Барлық биді билейді, футбол ойнағанда керемет. Актерлік шеберлігі дегенін айта алмаймын, сендірген кезде сендірудің атасы осы», - деп мақтады ол бейнежазбада.

Әзіл ойдағыдай шығу үшін Нұрлан Еспановтың ұлына да рөлге енуі керек болды. Әкелі-балалы екеуінің әзілі ойдағыдай шыққан.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр