Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Айырылып қалатындай қорқамын»: Тоқтар Серіковтің жұбайына арнаған жазбасы жұрттың жүрегін елжіретті

Сен менің ең әдемі әлемімсің, жарығым. Төрт перзент сыйлаған жұбайын құттықтаған әнші Тоқтар Серіков осылай дейді. Иә, бүгін қазақ эстрадасының серкесінің жұбайы, әнші Бейбіт Сейдуалиеваның туған күні, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқтар Серіков жұбайын туған күнімен құттықтап, оған және балаларына деген сезімін білдірді.

«Сен менің ең әдемі әлемімсің, жарығым. Жарықсыз дүние бос әрі қараңғы. Қараңғыда өмір сүру қауіпті және қорқынышты. Бар байлығым – балаларым және сен... Мен – жай ғана сендердің күзетшілеріңмін. Егер ұйықтап кетсем, сендерден айырылып қалатындай қорқамын. Бақыт базарымның шырқын бұзбауға Алладан жалынып жәрдем сұраймын. Туған күніңмен, алтыным», - деп жазды Серіков Instagram-парақшасында.

Тоқтар мырзаның жазбасы желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Олар Бейбіт Сейдуалиеваны жарыса құттықтап, ақжарма тілектерін жаудырды.

«Қандай жүректі елжірететін сөздер! Жүректен шыққан. Бейбіт, айналайын, туған күнің құтты болсын!», «Сіздер бір-біріңіз үшін жаралған жансыздар. Алла екі дүниенің рахатын нəсіп етсін!», «Тамаша! Жарыңызға деген неткен құрмет пен тілек. Бейбіт ханымның туған күні құтты болсын!» - деп жазды пікір қалдырушылар.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр