Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сенатор кешірім сұрады”: “ҚазАвтоЖол” басшысы компанияның заңсыз келісімшарт жасады деген ақпаратын жоққа шығарды 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев сенат депутаты Андрей Лукиннің "ҚазАвтоЖол" бір көзден алу тәсілімен жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқан деген ақпараты шындыққа жанаспайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұған дейін сенатор Андрей Лукин жол саласында ақшаны тиімсіз пайдалану және ұрлау фактілері бар екенін және "ҚазАвтоЖол" бір көзден алу тәсілімен жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңгеге заңсыз келісімшарт жасасқанын айтқан еді. 

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Мейірхат Қасымбаев сенат депутаты Андрей Лукиннің ақпараты жалған екенін айтты. 

“Лукин мырзамен сөйлестім. Депутаттың ақпараты дұрыс емес. Заңсыз деген сөзі дұрыс қолданылмаған. 8 миллиард теңгеге құлаған көпірлерді, теміржол бекеттерін қалпына келтіруде бірінші конкурс жариялаймыз. Сол конкурстың негізінде қолданылған. Оған барып түсіндіріп айттық, ол өзі кешірім сұрап қателескенін мойындады. Қазавтожолда 2021 жылға дейін 50-60 миллиард теңге жол сапасын арттыру үшін бір көзден қаражат жұмсалған. Былтырғы жылы оны 8 миллиардқа азайттық”, –  деді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Оның сөзінше, қазіргі уақытта аталған сома өз қалпында жұмсалмақ. 

“Әлі күнге дейін сол бағаны ұстаймыз. Адамдарды қауіп-қатерден сақтау үшін түрлі мәселе болады. Мысалы көпірлер құлап қалады, соларды тездетіп қалпына келтіруіміз керек. Күні кеше Қобдада жолды су шайып кетті, ауданды құтқару үшін, жолды кестік. Егер тендер жариялайтын болсақ 3 ай бойы адамдардың жол жүргенін тоқтатып қоюға тура келеді. Сол себепті біз техногенді жағдайларға байланысты бір көзден алуымызға тура келіп отыр”, – деп түсіндірді Мейірхат Қасымбаев. 

Талқылау