Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетіні туралы сыбыстарға сенат спикері жауап берді
Фото: parlam.kz
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтетіні туралы тараған қауесетке пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әшімбаевтың айтуынша, мұндай ақпаратты әлдебіреу таратуы мүмкін.
"Мұндай әңгімелер көп өрбіп жатыр деп айта алмаймын – біреулер осындай ақпарат таратып жатқан шығар. Бірақ, өздеріңіз көріп отырғандай, мерзімінен бұрын сайлау өтеді деп айтуға негіз жоқ", – деді ол сенат кулуарында.
Әшімбаев ара-тұра сенат пен мәжілісті біріктіру туралы сөз қозғалып тұратынын айтты.
"Меніңше, бұл жай ғана қандай да бір ой тастап, мазмұнсыз талқы жасап көңіл көтерудің түрі сияқты. Бірақ біз мәнді мәселелерге, елді, экономикамызды, бизнесті дамыту мәселелеріне назар аударуымыз керек", – деді ол.
Еске салсақ, мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді. Отырыс 27 маусым сағат 10:00-ге белгіленді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"