Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат депутаты Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында сенатор Нариман Төреғалиевтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Нариман Төреғалиевтің басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша, Нариман Төреғалиев БҚО әкімі болып тағайындалды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабына сәйкес Сенат депутаты Төреғалиевтің өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін осы ұсынысты мерзімінен бұрын ұсынамыз", - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.

Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалған болатын. 

Талқылау