Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сенат әскери полиция қызметкерлерінің физикалық күші мен қару қолдануын реттейтін заңды мақұлдады

ҚР парламенті сенаты "Әскери полиция органдары туралы" заңды, сондай-ақ әскери полиция органдары мен қорғанысты ұйымдастыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді мақұлдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Парламенттің жоғарғы палатасының баспасөз қызметінің мәліметінше, әскери полиция органдарына мынадай міндеттер жүктелген:

  • Қарулы күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;

  • Өз құзыреті шегінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, анықтау және жолын кесу;

  • Қамауға алу, әкімшілік қамауға алу және әскери қызметшілерді қоғамнан уақытша оқшаулаудың өзге де шаралары түріндегі жазаны орындау.

"Заң әскери полиция органдарының әскери қызметшілерінің дене күшін, арнайы құралдарды, қаруды қолдануын, сондай-ақ олардың жеке құрамы мен әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді", - делінген сенаттың тиісті комитетінің қорытындысында.



Заңнамаға енгізілген өзгертулер топтамасында азаматтық қорғаныстың басқару органдарының және әскери бөлімдерінің әскери қызметшілеріне қатысты анықтауды әскери полицияға жүргізуге уәкілеттік берілген.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 15:31