Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Сен мендіксің”: Айқынның Жұлдызға арнаған бейнебаяны жарыққа шықты (видео)

Екі жылдан бері ел аузынан түспей келе жатқан Айқын мен Жұлдыз ақыры бір бейнебаянда бой көрсетті. Төлепберген сүйіктісіне арнап “Ты моя” атты ән жаздырып, оған клип түсіріп тынды, деп жазады Stan.kz.

Айқын-Жұлдыз

Иә, сонымен хикая қайталанды. Осыдан небәрі 2 жыл бұрын Айқын алғашқы жары Әселді алғаш рет әнбаян арқылы көпшілікке көрсеткен болатын. Ол кезде Айқынның бірінші жары жүкті еді. Алайда көп ұзамай екінші мәрте әке атанған Айқын өзге арумен көңіл қосты. Ол – сол кездегі КешYou-дің әншісі, небәрі 21 жастағы Жұлдыз Өмірғали.

Төлепберген өткен жылы алғашқы жұбайымен ажырасып, Жұлдызбен некесін қидырған. Алайда бұл туралы ұзақ уақытқа дейін халыққа жақ ашпады. Тек биылғы жылы Жұлдыздан туған ұлы бір жасқа толғанда дүркіретіп той жасап, бар құпиясын ашты.

Ал күні бүгін Айқынның Жұлдызға арналған “Ты моя” атты әнбаяны жарыққа шықты. Бейнебаянға белгілі әнші әрі “91” тобының продюсері Ерболат Беделхан режиссерлік еткен.

Тыңдармандар желіде Айқынның өнеріне қатысты әртүрлі пікірлерін білдіруде. Олардың бір тобы клиптің сапалы шыққанын, Беделханның “ізі” көрініп тұрғанын атап өтсе, екіншілері жас әйелін тез арада клипке түсірген Айқынды сынға алған.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау