Семсершілеріміз әлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарында
Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден әлемдік рейтингтің үздік үштігіне жақындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы FIE нұсқасы бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты. Швейцарияның Берн қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңінде қазақстандық шпагашылар сәтті өнер көрсетті. Командалық сайыста біздің құрама 35 команданың ішінен жетінші орынды иеленді. Бұл нәтиже әлемдік топ рейтингінде жоғарылауға мүмкіндік берді. Қазақстан алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов бастаған семсершілеріміз Швейцарияда өткен әлем кубогінің кезеңінде ширек финалға дейін жеткен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

