Семейді кәріз суы басып қалды
Би Боранбай көшесінің бойындағы 6 үй мен 16 ауланы кәріз суы басып қалды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кәрізден шыққан ағынды су Би Боранбай көшесінің бойындағы 6 үй мен 16 ауланы басып қалды. Көшеден 2800 текше метр су шығарылған.
"Семей қаласындағы көшелердің бірінде Д-1000 мм құбыр кәріз дюкері бітеліп қалды. Апат болған сәттен бастап коммуналдық қызметтер автомобиль жолы мен жеке тұрғын үй секторының бойын үйіндімен бекіту жұмыстарын бастады. Сондай-ақ жеке сектордың аула аумақтарына кірген суды сорып шығару жұмыстарын жүргізді", - делінген хабарламада.
7 ақпан күні таңертең ағынды суларды шығару жұмыстары жалғасуда. Көшеге топырақ төгіліп, 730 қап қойылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген