Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде той кортежі көпірдегі көлік қозғалысына кедергі келтірді (видео)

Семей қаласында той кортежі еш себепсіз көпірде кетіп бара жатқан  көліктердің жүруіне бөгет болды деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жас жұбайлардың автокөліктері артпен алдыға қарай айдалған көрінеді. Олармен екі көлік еріп жүріп, көпір бойымен кетіп бара жатқан басқа да жүргізушілерге кедергі келтірген. Той кортежінt қатысқан адамдар мұның барлығын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып қойыпты. 

Қалалық полиция бөлімі бұл істі тексерістен өткізуге кірісіп кеткен. Ал көлік жүргізушілеріне жол ережелерін бұзғаннан бөлек, мемлекеттік көлік нөмірінің болмағаны үшін де айыппұл салынуы мүмкін.
 

Талқылау