Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде теміржол вокзалына егеуқұйрықтар қаптап, жолаушыларды шошытты

Семейде теміржол вокзалының қызметкерлері егеуқұйрықтардың шабуылына шағымданады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Atameken Business арнасының мәліметінше, кеміргіштер әсіресе түнде қызметкерлер мен жолаушыларды қорқытып, ғимараттың айналасында торуылдап жүреді.

Жақын маңдағы кафелердегі антисанитарлық жағдайға байланысты егеуқұйрықтар пайда болғаны айтылды. Ал суық ауа райының басталуымен олар жылы жерге ауыса бастаған.

Осы жағдайдан соң вокзал басшылығы шараларды қолға алуға кірісті. Уытты пайдалану және тұзақ жасау сияқты дәстүрлі әдістерден бөлек, теміржол вокзалының ғимаратына мысықтарды әкелуге де рұқсат етілді. Үй жануарлары жаңа ортаға үйреніп қалған көрінеді.

Семей теміржол вокзалының қызметкері екі мысық әкелінгенін айтады. 

 


"Жылыжайға түнеймін деп кеткен": Түркістан облысында 73 жастағы зейнеткер он күннен бері табылмай жатыр 


 

Талқылау