Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде полицейлер Ертіс өзеніне секірмек болған қызды құтқарып қалды

Семейлік полицейлер өзенге секірмек болған 30 жастағы қала тұрғынын құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

kopir

Шарасыз әйелді жергілікті тұрғындар байқап, полиция шақырған.

Оқиға орнына бірден екі бригада келді. Оқиға орны ыңғайсыз болғандықтан құтқару процесі қиындады. Бірақ полиция бәрібір қызды қоршап алып, оны бас тартуға көндірді. Кейінірек ол мұндай қадамға өмірлік проблемалардан кейін бармақ болғанын айтты.

Жергілікті тұрғындар бұл жердің түбі қауіпті екенін айтты. Ағынның күштілігі соншалық, егер полиция дер кезінде келмегенде, байғұс әйел құтқарылмас еді.

"Бізге өтіп бара жатқан адамдардан көпірде бір қыздың өзіне қол салмақ болғаны туралы хабарлама келді. Біз бұл қызға көмектесу үшін жедел шаралар қабылдадық", - деді патрульдік полиция батальон қызметінің инспекторыі Мейрам Ережепов.

Талқылау