БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы жетім қызға пәтер сыйлады

Семей қаласында Назарбаев мектебінің ұжымы ата-анасы жоқ 19 жастағы қызға бір бөлмелі пәтер алып берді. Олар 2013 жылдан бері Еркежан Ерсінқызының тұрғын үй жинақ қорына ақша аударып келіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Семейдегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 19 жастағы Еркежан Ерсінқызына бір бөлмелі пәтердің кілтін салтанатты түрде табыстады. 

«Ұрпақ тәрбиешісі ретінде бізді дәл осы Еркежандай жастарымыздың келешегі алаңдатады. Қызымыздың бақытты сәтіне ортақтасып, арманына қол жеткізуіне себепші болғанымызға біз де қуаныштымыз. Біз пәтерді таңдау құқын Еркежанның өзіне бердік. Тек тиісті құжаттарының дұрыс рәсімделуіне қызметкерлеріміз көмектесті. Бұл баспана оған құт-береке әкелетін шаңырақ болсын деп тілейміз» - дейді физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Бағдан Қайыржанов.   

Еркежан Ерсінқызы әкесінен сәби кезінде айырылып қалыпты. Ал 12 жасында анасы қайтыс болған. Ол соңғы 5 жылдан бері немерелес ағасының үйінде тұрып келген. Бойжеткен өзінің баспанасы болғанын армандағанымен, ойда-жоқта үйді боламын деп ойламағанын айтады. Сондықтан, бастапқыда мұндай хабарға сене алмапты.

«Тіпті, мектептен хабарласып, сенің банкте есепшотың бар, сол шоттағы ақшаға үй алып береміз дегенде мүлдем сенбедім. Бүгін қуаныштан толқып тұрмын. Өмірде қайырымды, жанашыр адамдардың бар екеніне көзім жетті», - дейді Еркежан Ерсінқызы.  

Бүгінде Еркежан Ерсінқызы Аягөз қаласында политехникалық колледжде білім алуда. 3-курста оқып жатқан қыз «Бағдарламашы» мамандығын таңдапты. Ол әрі қарай жоғары оқу орнында білім алғысы келетінін айтады. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр