Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Семейде депутаттар Абай атындағы аренаға Назарбаевтың есімін беруді ұсынды

Семейде жақын арада Назарбаев даңғылы пайда болуы мүмкін. Бұл жаңалықты облыстық мәслихаттың депутаты Айбек Нұғымаров айтты. 

Абай арена

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Arnapress.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз Қарағайли ықшамауданындағы атауы жоқ көшелердің бірі Назарбаев даңғылы деп аталғанын қалаймыз. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің құрметіне дәл сол ықшамаудандағы спорт кешеніне «Елбасы-Арена» деген атау беру туралы бастама көтерілді», - деді Айбек Нұғымаров.

Оның айтуынша, осы атауды өзгертуді қолдайтын бастамашыл топтың құрамында 30-ға жуық адам бар. Оның құрамына ақсақалдар, депутаттық корпус өкілдері мен қаланың әлеуметтік белсенділері кіреді. Нұғымаров бұл идеяның бастамашыларының есімдерін нақты көрсету туралы өтінішке абстрактілі түрде жауап берді. 

«Барлығы - мәдениетт спорт саласындағылар, қала белсенділері. Енді шешім қалалық мәслихаттың депутаттарында, содан кейін олар астанаға жіберіледі, олар бәрін шешеді», - деп түйіндеді ол.

Талқылау