Семейде балабақша маңында бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына қарғалар шабуыл жасады

Фото:ТЖМ
Семейде балабақшада бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарына қарғалар шабуыл жасады. Олар баспалдаққа құлаған ұядағы балапандарын аймақтағы адамдардан қорғамақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ТЖМ-нің мәліметінше, Семейде орналасқан көпқабатты үйлердің бірінде ерекше авариялық-құтқару операциясы жүргізілген.
"Онда қарғаның балапаны бар ұясы жеке балабақшаның кіреберісіне құлаған. Ал балапанның ата-анасы үлкен қарғалар оны қорғау үшін мектепке дейінгі балалар мекемесіне келгендердің барлығына шабуыл жасады", – делінген хабарламада.
Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері балапанды адамдардан қауіпсіз қашықтыққа апарып, босатты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген