БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сазгер Нұрлан Қаражігітов дүниеден озды

Сазгер Нұрлан Қаражігітовтің өлімі туралы Батырхан Шүкеновтің продюсері айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жексенбі, 9 маусым күні, сазгер Нұрлан Қаражігітов 55 жасында көз жұмды. Қаралы хабарды халықа марқұм Батырхан Шүкеновтің продюсері болған Олжас Байқанов жеткізді. 

"Біздің бауырымыз дүниеден озды... Нұрлан Қаражігітов. Еліміздегі талантты сазгерлердің бірі. Мейірімді, көңілді жүретін адам еді. Бауырым, сен туралы естеліктердің барлығы жарқын болмақ", - деп жазды Байқанов. 

Нұрлан Қаражігітов SuperStar.kz  және X-Factor сынды музыкалық жобалардың қатысушыларын дайындаған болатын. 2016 жылы ол Еуразиядағы үздік сазгер марапатына ие болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр