Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайлау алды заңды бұзған екі депутаттыққа үміткер жазаланады

Орталық сайлау комиссиясы депутаттыққа екі кандидаттың заң бұзғаны үшін жауапқа тартылатынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бас Прокурор Орталық сайлау комиссиясының қарауына Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың сайлау туралы заңнаманы бұзуы туралы ұсыныс енгізді.

Аталған жағдайларда "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 47-бабының нормаларында Парламент депутаттығына кандидаттар тіркелген күннен бастап Орталық сайлау комиссиясының келісімімен сот тәртібімен әкімшілік жазаға тартылуы мүмкін екені атап өтіледі. 

"Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау департаментінің басшысы Азамат Сарғазин ОСК "Сайлау туралы" Конституциялық заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес Бас Прокурордың ұсынысын енгізгенін хабарлады. Мәжіліс депутаттығына екі кандидатты сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған кезде жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ОСК тиісті қаулы қабылдады", - деді комиссия.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінге дейін 11 шет мемлекет пен 3 халықаралық ұйымнан 97 байқаушы аккредиттелгенін айтты.

"Бүгінгі таңда аккредиттеуге 5 шет елден 14 байқаушы ұсынылды: Ұлыбритания, Иран Ислам Республикасы және Қытай Халық Республикасынан әрқайсысы 2 кандидат, сондай-ақ Словакия Республикасы мен Эстония Республикасынан 3 үміткерден”, – делінген хабарламада.

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 20:01