Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлау-2019: Түскі сағат он екіге дейін халықтың 35% дауыс берді

Сағат 12:00 кезіндегі есеп бойынша Қазақстан Республикасы аумағында халықтың 35,1%-і дауыс берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Alt

Сурет: Абзал Қалиев

"Түскі сағат он екі кезіндегі есеп бойынша мемлекетімізде халықтың 35,1 проценті дауыс беріп үлгерді", - дейді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлейменова. 

Оның ішінде:

Ақмола облысы - 45,9 процент, Ақтөбе - 50,3 процент , Алматы - 47,3 , Атырау - 33,5, Шығыс Қазақстан - 44,8, Жамбыл - 43,7 , Шығыс Қазақстан -26,1 , Қарағанды - 29,6 , Қызылорда - 39,2, Қостанай - 35,5, Маңғыстау - 29,3, Павлодар - 36, Солтүстік Қазақстан - 33,9, Түркістан - 30, Нұр-Сұлтан - 24, 6 , Алматы - 19, Шымкент - 24,6 процент. 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін, 9 маусым, Қазақстан Республикасында президент сайлауы өтіп жатыр. Мемлекетте үш сағат ішінде халықтың 12,8%-і дауыс беріп үлгерді. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мен билікті бір-бірін қолдауға шақырды. Мұнымен қатар, тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев та Оқушылар сарайына барып дауыс берген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек дауыс беру учаскесіне отбасымен бірге барды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр