Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Алматыда төбелеске қатысқан студент «Тұран» университетінен шығарылды, ол сирек кездесетін генетикалық аурумен ауыратын сайқымазақ Кроханы ұрып тастаған еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Бұл туралы ақпарат университеттің Facebook парақшасында пайда болды.

«Ішкі тергеудің нәтижелері бойынша "Тұран" университеті екінші курс студенті Ермахан О.-ны оқудан шығару туралы бұйрық шығарды», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Самат Рамазановты 16 қараша күні кешкісін «Тұран» жатақханасында ұрып тастағаны белгілі болды.

Университеттің баспасөз қызметі ұрыстың екінші қатысушысы жатақханадан шығарылды деп хабарлады. Оқиғадан кейін Саматтың өзі ауруханаға түсті. Кейін ол оқиғаның егжей-тегжейін айтып берді. Оның айтуынша, көршісінен терезені жабуды сұрағаннан кейін жанжал болған.

Талқылау