Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саясаттанушы: Сенаторлар кеңесі бюрократиялық құрылым болып кете ме деп күманданамыз

"Кеңес" ашу сән бе? Әлде зейнетке шыққан, депутаттықтан босаған сенаторлардың ақыл-кеңесі парламентке ауадай қажет пе? Жуырда сенаттың жанынан сенаторлар кеңесі құрылды. Оның құрамына енгендердің дені жоғарғы палатаның  бұрынғы депутаттары.

Саясаттанушы: Сенаторлар кеңесі бюрократиялық құрылым болып кете ме деп күманданамыз

 Құрамын жақында ғана жаңартып алған сенатқа мұндай кеңестің қандай қажеті бар? Немесе, қазіргі депутаттардың біліктілігі, білімі жетпей жатыр ма екен? Көкейде осындай сауал көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Көзі қарақты көрерменге таныс, шетінен сақа сенаторлар. Өмірбек Бәйгелді, Оралбай Әбдікәрімов, Нұртай Әбіқаев, тағы кім керек. Бұларға қарап, бұрынғы Сенаттың құрамы салмақтырақ болған ба деп қаласың.

Қуаныш Айтаханов парламенттегі қазақшасы жатық, тілі түсінікті, өткір сөйлеп, сын айтатын депутаттың бірі еді. 2017 жылы кетті жоғарғы палатадан. Ал өткен жазда ғана өкілеттігі тоқтап, депутаттықтан кеткен Бірғаным Әйтімоваға да жұмыс табылды. Оған жаңадан құрылған сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары деген лауазым бұйырды. Кеңестің төрайымы Дариға Назарбаева.    

«Ал енді біздің сенаторлар кеңесінен біздің қатты күманданып отырғанымыз, сарапшылардың қатты күманданып отырғаны, халықтың, біздің күманданып отырғанымыз, тағы бір бюрократиялық құрылым болып қалады ма деп, күманданып отырмыз. Сенаторлар кеңесінің қолы байлаулы. Ол тағы да бір, белгілі бір дәрежеде нұсқау болып қалатын, ұйым болып қалады ма деген үлкен күмәніміз бар», - деді саясаттанушы Ғазизат Имақов.

Жаңа кеңестің құрамында 50 адам бар. Дені экс-депутаттар. Тек Қуаныш Сұлтанов, Гүлжан Қарақұсова секілді әлі де парламентте жүрген бірен-саран көненің көзі бар. Бұл кеңес не үшін  құрылды деген сауалды оның мүшелерінің біріне қойып көрдік.

«Бұл жаңағы Президент Тоқаевтың құрған Ұлттық сенім кеңесі бар ғой, сол сияқты, азаматтық қоғамды күшейту үшін жасаған кеңес. Кеңестен ешқандай зиян жоқ, кеңес Сенаттың жұмысын, жаңағы соның жұмысын жасамайды. Кеңес, Сенатта қабылданатын заңдарға байланысты, мысалы үшін. Оларды жақсартуға, олардың бақылауын күшейтуге, жетілдіруге, сол сияқты, сол сияқты, ақыл-кеңесін, қол үшін береді. Сондықтан, мұны жақсы бастама деп айтуымыз керек», - деді сенаторлар кеңесінің мүшесі Әділ Ахметов.

Сенаттың жанынан құрылған сенаторлар кеңесі қоғамдық ұйым.  Сондықтан, оның мүшелеріне бір тиын жалақы төленбейді. Айнұр Тұрсынбаева, Ахметбек Нұрсила сияқты ақылын сатпай, ақыл-кеңестерін тегін айтады әріптестеріне. Сондай-ақ, экс-депутаттарға парламент ғимаратына емін-еркін кіріп-шығатын мүмкіндік беріліпті.

Талқылау