Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Саяхаттау жайына қалды": Сәкен Майғазиев балаларының өмірге келуі туралы айтты

Сәкен Майғазиев балаларының өмірге келуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші ұлынан кейін 15 жылға жуық уақыт бойы нәрсете сүймеген Сәкен Майғазиев елге қарап қалай қызыққанын айтып берді. Достарының бірі саяхаттан сәбилі боламын деп қалып қалғанда, ол да балалы болып, ешқайда баруға мүмкіндігім болмай жүрсе ғой деп армандағанын да жасырмады. 

"Әділетіміздің іні-қарындастары көп болса деген арманды анасы екеуміздің арқалап жүргенімізге аттай он жыл өткен. 2007 жылы жиырмаға жуық жігіт жанұямызбен Түркияға демалысқа ниеттендік. Тобымыздағы бас гитарашы Ерлан ғана "Жігіттер, Алла қаласа, Маржан төртінші сәбиімізді дүниеге әкелмек, біз саяхаттай алмаймыз" деді. Сол кезде бұл бақыттың төресі емес пе, кемпірім жылда-жылда дүниеге сәби әкеліп, сапардан қалдырдып жатса не арман деп қиялдап қалып ем", - дейді Сәкен Майғазиев.

Арманы орындалған әнші әлі де перзент сүйіп, әке атанудан кетәрі емес екенін түсіндірді. Өнер иесінің  5-6 жыл саяхаттамасақ екен деген ойы бар екен. Ұлы отбасын құратын жасқа келсе де, Сәкен Майғазив әке атанғысы келетін көрінеді. 

"Алланың қалауымен, араға 15 жыл үзіліс салып, қыздарым дүниеге келді. Саяхаттау жайына қалды, шүкір. Келіншегім тағы 5-6 жыл саяхаттан қалдыра тұрса деген ниет те жоқ емес. Сәби күтіп жүрген жұбайларға әке мен ана бақытын бұйыртқай. Сосын, әлемді аралауды нәсіп етсін. Асқартау әкелеріміз бен алтын құрсақ аналарымыздың ақ жолын берсін", - дейді өнер иесі.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр