Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауль Альварес Головкинді нокаутқа жіберуге уәде етті

Сауль Альварес Геннадий Головкинмен реваншы қайда өтетініне қатысты пікір білдірді.

Айқас кезекті рет Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

«GGG-мен тарихи реваншта кездесу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет оралатыныма қуаныштымын. Бұл орын менің сүйікті аренама айналды. Айқас осы жерден басталған еді  және осы жерде мен оны аяқтаймын: Менен жанкүйерлерім нені күтсе, соны жасайын – оны нокаутқа жіберемін!», – деді Канело.

Еске салайық, WBC, WBA, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен экс-чемпион Сауль Альварес қарымта жекпе-жектерін биыл 5 мамырда өткізеді. 2017 жылдың 16 қыркүйегі күні өткен қос боксшының алғашқы кездесуі төрешілердің шешімімен тең аяқталды.

Тағы оқыңыз:

Астанада қонақ үй терезесі арқылы теледидар ұрламақшы болған

Ақтөбе облысында екі баласымен үйінен шыққан әйел жоғалып кетті

Ақтөбеде желі парақшасына ұятсыз видео салған жігітке қылмыстық іс қозғалды

Талқылау