Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әкімдіктің күзетшісінен бастап, хатшысына дейін Құдай": Сәуле Әбединова халықтың сауатсыздығы туралы

Сәуле Әбединова халықтың қарапайым жағдайларда өз құқығын қорғай алмайтынын айтып қынжылды. Сондай-ақ, ол мәселені таныс-тамырдың көмегімен шешудің дұрыс еместігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The real gap бағдарламасына сілтеме жасап. 

Сәуле

«Біз үшін әкімдіктің кіре берісіндегі күзетшісінен бастап, хатшысына дейін – бәрі Құдай. Халық әбден құлдық психологияға иіліп қалған. Мемлекеттік қызметтегілер еден жуушының алдында Құдай сияқты болып жүреді», - дейді тележүргізуші. 

Әрі қарай Сәуле Әбединова аты-жөнін жаза алмайтын арыз берушілердің бар екеніне тоқталды. Өзі 2 000-нан астам адамның арызын тіркеген екен. 

«Сауатсыздық деген сұмдық. Арыз-шағымы былай тұрсын, аты-жөнін жаза алмайды. Өзінің тағдырын баяндап, не сұрағысы келіп отыр, не үшін арыз жазып отырғанының себебін дұрыс түсіндіре алмайтындар бар. «Елбасы нәнге» деп жазып жіберген арыздар кездеседі. Одан кейін несін айтасың?!» - дейді Әбединова. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр