Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәресі мен ауызашарда оқылатын дұға

Рамазан айында мұсылман қауым исламның үшінші парызы ораза ұстайды. Оразаның сәресі мен ауызашарында ниет етіліп, арнайы дұға оқылады. 

Сәресіде айтылатын дұға:

Оқылуы: «Нәуәйту ән асумә саумә шәһри Рамаданә минәл фәжри иләл мағриби халисан лилләһи таъалә».

Мағынасы: «Таңертеннен кешке дейін Алланың ризалығы үшін Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашарда оқылатын дұға:

Оқылуы:«Аллаһуммә ләкә сумту уә бикә әәмәнту уә ‘аләйкә тәуәккәлту уә ‘ала ризқикә әфтарту уә саумәлғади мин шәһри Рамадана нәуәйту, фәғфирлии мәә қаддамту уә мәә аххарту».

Мағынасы: «Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін ораза ұстадым. Сенің берген ризығыңмен аузымды аштым. Саған иман етіп, саған тәуекел жасадым. Рамазан айының ертеңгі күніне де ауыз бекітуге ниет еттім. Сен менің өткен және келешек күнәларымды кешір».

2019 жылы ораза 6 мамырдан басталды. Биыл ораза 30 күнге созылады. Ал қасиетті Қадыр түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келеді.


2019 жылғы Ораза айының кестесі 


 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр