Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшы Шереметьеводағы ұшақ өрті туралы: Салдары мұнан да жаман болуы мүмкін еді

Авиация саласындағы сарапшы, «Авинтел авициалиялық технологияларының альянсы» компаниясының бас директоры Виктор Прядка Шереметьево әуежайындағы қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкіндігін бағалады.

Қайғылы жағдайдан кейін неліктен жолаушылардың ұшақтың тек алдыңғы есігі арқылы эвакуацияланғаны талқылануда. Осы сұраққа жауап берген Виктор Прядка жолаушылар апаттық есіктерден шығарылған жағдайда, салдары мұнан да жаман болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik радиосына сілтеме жасап.

«Егер ұшақтың өртеніп жатқан қанатының аумағындағы апаттық есіктерді ашса, салдары мұнан да қайғылы болар еді», - дейді 

Ұшақ өртіне қатысты пікір білдірген сарапшы ұшаққа найзағайдың жиі түсетінін, алайда салдары үнемі мұндай қайғылы болмайтынын айтты. 

«Ұшаққа найзағай жиі түседі. Алайда салдары мұндай қайғылы бола бермейді. Куәгерлердің сөзінше, ұшақ ұшып шыққаннан кейін әуеде жана бастаған. Қозғалтқыштарының бірі жана бастапты. Ұшақ қонған кезде өртеніп жатқан. Алайда уақыт өтіп кеткендіктен, ұшақты бірінші талпыныстан қондыру мүмкін болмаған. Жағдай ушыққанда, ұшқыштар қалай болса да қонуы керек. Егер ұшақ әуеде тағы бірнеше минут болса, жалын немесе өрт негізі басқару жүйесін зақымдап, салдары мүлде қайғылы болар еді», - дейді Прядка. 

Айта кетейік, Мәскеудің "Шереметьево" әуежайында ұшақ өртеніп, 41 адам мерт болған еді. Адамдардың көптеп қаза болуына жолаушылардың сөмкесін алуға таласқаны себеп болды. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр