Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сарапшы Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының құлдырауын болжады

Жылжымайтын мүлік нарығы жақын болашақта тоқырауға ұшыруы мүмкін. Бұл туралы Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов айтты,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Qazaqstan" ұлттық арнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, бұған баспана бағасының негізсіз өсуі себеп. Қазір баға аптасына шамамен үш пайызға көтеріліп жатыр. Бірақ қымбатшылыққа қарамастан сұраныс жоғары. Мұның арты нарықтың құлдырауына әкелуі ықтимал. Қазіргі әлеуметтік экономикалық жағдайға сай, пайызы көп несиені төлей алмайтындар көбеюі мүмкін. Бұл ипотека рәсімдеген банктерге де кері әсер етері сөзсіз.

"2007-2008 жылдары ипотекалық трендтің зардабын тартқан едік. Жұрт несиесін төлей алмай, қарызын кешіруді сұрап митингілер ұйымдастырғаны есте. Қазір де соған келе жатырмыз. Мұның алдын алу үшін өңірлер мен моноқалаларды дамыту керек. Сонда үй салып, жұртты жұмыспен қамтыса, ірі қалаға ағылатындар азайып, баспанаға да сұраныс төмендер еді", - деді Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов айтты.

Талқылау