Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды

Сапарбек Тұяқбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ал бұған дейін осы жұмысты атқарған Марат Сембеков басқа қызметке ауысуына орай орнынан босатылды деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі. 

сапарбек

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы дүниеге келген. 2001 жылы Түркия елінде Таяу Шығыс техникалық университетін, 2004 жылы Канадада Торонто университетін бітірген.  

2005-2009 жылдары мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікте, РФ-дағы ҚР Елшілігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, Президент Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 

2012-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды. Инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік көрсетті. 
2016 жылдың қазан айынан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болды. 2017 жылғы қарашадан бастап «Kazakh Invest «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарған.  

Талқылау