Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Атырау облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлерімен кездесті. Вице-премьер дәрігерлер жұмысын бір сәтке де тоқтатуға болмайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Бердібек Сапарбаев кездесу барысында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Мәншүк Аймұрзаева мен перинаталдық орталық қызметкерлеріне сөз сөйледі.

«Сіздерге жұмыстарыңызды бір минутқа да тоқтатуға болмайды. Адамдарды мұнан әрі де емдеуді жалғастыру керек. Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер ғой. Біз сіздерден кәсіби міндеттеріңізді адал атқаруларыңызды сұраймыз. Атырау облысының басшылығына перинаталдық орталықтағы жағдайды өз бақылауына алуын тапсырамын», - дейді премьер-министрдің орынбасары. 

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Жекелей алғанда, вице-премьер медициналық мекемедегі кемшіліктерді жою керектігін айтты. 

«Қылмыстық іс бойынша тергеу заңға сәйкес жүргізілетін болады. Ол жұмыс процесіне әсер етпейді», - дейді Сапарбаев. 

Сонымен қатар Бердібек Сапарбаев облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының жауаптылығын қарастыруды тапсырды. Ал денсаулық сақтау министрлігіне тиісті бақылау жасамағаны үшін, қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшылығына қатысты шара қабылдау туралы тапсырма берді.

Сапарбаев Атыраудағы перзентхана дәрігерлеріне: Сіздер Гиппократ антын бердіңіздер

Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, мұнда тәулігіне 25-35 сәби дүниеге келеді екен, дәрігерлер күніне 8-ден 12 ота жасайтын көрінеді.

Айта кетейік, қаңтар-қазан айлары аралығында Атырау облысында 12403 бала дүниеге келген, осылайша, соңғы екі жылдағы туу көрсеткіші 500 сәбиге дейін өскен.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Мектеп оқулығындағы ата-ананың жалақысы мен несиелері туралы тапсырма желі қолданушысын ашуландырды

Желі қолданушысы: Балалары арқылы отбасылық бюджеті туралы мәліметтерді біліп алуды ұйғардыңыздар ма?

Алматы тұрғыны аттракционға отырамын деп жіліншігін сындырып, жарақаттанғанын айтты

Арқан жолымен қатты келе жатқан ер адам арқасымен және жамбасымен соғылған

Түркістан облысында әкесі браконьер ұлын қорғаймын деп инспекторларға оқ атты

Олар инспекторлардың ұялы телефондарын тартып алып, көлікке отырып, ізін суытқан

Еліміздің үш ірі банкі әскерилерге арналған ипотеканы іске қосты

«7-20-25» және «Баспана Хит» ипотекалық бағдарламаларының негізгі талаптары бұрынғыдай сақталады

Владимир Божко көш бастап тұр: Салықтан жалтарып жүрген депутаттар белгілі болды

Борышын төлемегендердің қатарында депутаттарда жүр

"Миы жоқ, есесіне 720-дан астам жынысы бар": Ерекше жаратылыс жұртты таңғалдырды (видео)

Париж саябағында ерекше жаратылыс иесі орын тапты

Болат Назарбаев Мақпал Жүнісованы тікұшақпен қыдыртты (видео)

Желіде олардың тікұшақта отырған сәтінің видеосы тарады

Әлемдегі ең үздік және ең нашар зейнет жүйесі анықталды

Әлем бойынша зейнет жүйесінің рейтінгі жасалды

"Масқараға тап болдым": Алматы облысында әкім ішімдік ішіп отырғандарды қуып жіберді (видео)

Текелі қаласының әкімі: Ата-бабам ішпеген арақ - шарапты қалай тоқтатамыз, ағайын?

"Еңбектеп жүріп, үріп, ұлиды": Ресейде "маугли қыз" табылды (видео)

Анасы 11 жасар қызын бір шөлмек арақ үшін сексуалдық құлдыққа сатқан
Çàãðóçêà...