Сапарбаев: 500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Үкімет отырысында 500 млрд теңгеге 58 мың отбасы үймен қамтылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 


 

«1 маусымнан бастап жалақы орташа 15-30%-ке жоғарылайтынын бірнеше рет айттық. Қазір Үкімет қажетті нормативтік актілерді әзірледі, ай соңына дейін осы нормативтік актілер жіберіледі. 100% қаржыландыру қамтамасыз етілді. Біздің болжауымызша, шамамен 1,1 млн қазақстандықты қамтиды», - деді ол. 

Сапарабев жыл соңына дейін 83 млрд теңге көлемінде шамамен 821 мың қазақстандыққа әлеуметтік қолдау көрсетілетінін атап өтті.

«500 млрд теңгеге 58 мың отбасы жалдамалы және ТҮҚЖБ арқылы үймен қамтылады. Кәсіпорындар, компаниялар және бизнес құрылым басшыларымен жұмыс істейміз. 287 пәтер бөлінді. Жыл соңына дейін 1530-ға жуық пәтер беруіміз керек. Қазір осындай басшылармен алғашқы жарнаны төлеуге байланысты келіссөз жүргізудеміз. Яғни, 10%-ін  өтеп беру, бұл дегеніміз шамамен 800 мың теңгеден 1 млн 200 мың теңгеге дейін. Жергілікті басқару органдары жақсы қолдау көрсетіп жатыр", - деді ол.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр