Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шал өлген күні далада қалдым": Кейуана 4 бірдей қызының тастап кеткенін айтып жылады

82 жастағы Сара Досжанова әжей КТК арнасының «Астарлы бағдарламасына хабарласып мұңын шақты. Айтуынша, туған төрт қызы да бір-біріне итеріп, қарайласпайды. Тіпті, тұтқасын да көтермейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

апа

Қария тұратын Суықсай  - тау етегіне жақын шағын қазақтар тұратын ауыл. Мыңнан аса тұрғыны ғана болғандықтан, бәрі бір-бірін жақсы таниды. 

«Қыздарыммен телефон арқылы сөйлесіп, көргім келеді. Өзім сөйлессем, олардың ешқайсысы сөйлеспейді. Хабарлассам, телефондары өшіп тұрады. Үш қыздың үшеуі – жоғары білімді, мұғалім. Ал біреуі медицина қызметкері. Сағынамын ғой. Көргім келеді. Сөйлессем деймін», - деді кейуана. 

Сара Досжанова – сауат ашқан, оқыған әйел. Кеңес жылдары беделді қызметтерде болған. Осы ауылдың Нұрмұхан Байтоғынов есімді азаматына күйеуге тиіп, 60 жыл бірге ғұмыр кешкен. Отағасы қайтыс болғаннан кейін өмірінің күрт өзгергенін айтады. 

«Шал өлген күні далада қалғандай болдым. Бір-біріне итереді мені. Керексіз адам болып қалдым. Соған ашуланып, бағдарламаға хабарластым», - дейді ол. 

Бүгінде кейуанаға 74 жастағы Раиса есімді шешей бас-көз болып отыр. 

«Шындап келгенде мұның маған қажеті жоқ. Бірақ жаным ашып кетті. Анам да осындай еді. Бір рет нан, екінші ретінде сорпа алып келдім», - деп жылап жіберді ол. 

Осылайша бір кемпір бір кемпірге серік болып отыр. Ал айтуларынша, қыздары бұл үйге мүлдем жоламайды. 

Талқылау