Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сәдібек Түгел президенттікке кандидат ретінде тіркелді 

Орталық сайлау комиссиясы 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына «Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Сәдібек Түгелді кандидат ретінде тіркеді, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

Сәдібек Түгел

ОСК мүшесі Бақыт Мелдешов 22 сәуірде Сәдібек Түгелдің келесідегідей тиісті құжаттары ұсынылғанын атап өтті.

«Ұлы дала қырандары» республикалық қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасының үзіндісі; президенттікке кандидат ретінде дауыс беруге түсуге келісім бергені туралы Сәдібек Түгелдің өтініші, өмірбаяндық деректері; сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат және кандидаттың мемлекеттік тілді меңгергенін анықтау негізінде Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылдың 26 сәуіріндегі  №18/249 қаулысымен президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің Конституцияға және «Сайлау туралы» Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігі белгіленіп, қол жинау парақтары берілді», - деді Мелдешов. 

Орталық сайлау комиссиясына кандидатты тіркеу үшін келесі құжаттар ұсынылған:

- президенттікке кандидат Сәдібек Түгелдің кірістері мен мүлкі туралы декларация жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; 

- кандидатты тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың жоқтығы туралы медициналық қорытынды; 

- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының азаматтардың президенттікке кандидат Түгелдің қолдап жиналған қолдарын тексерудің нәтижелері туралы хаттамалары. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық сайлау комиссияларының хаттамаларына сәйкес, кандидат Сәдібек Түгелді қолдап барлық 15 өңірден 122 102 азаматтың қолы жиналды, олардың 120 175-і дұрыс деп танылды.  2019 жылы 15 сәуірдегі №13/237 Орталық сайлау комиссиясының қаулысымен белгіленген ҚР президенттігіне кандидатты қолдау үшін дұрыс қолдардың қажетті саны кемінде 118 140-ты құрайды.

«Сәдібек Түгелді президенттікке кандидат ретінде тіркеуге қажетті барлық құжат ОСК-ға ұсынылды және оларға қойылатын талаптарға толық сәйкес келеді. Жоғарыда баяндалғанның негізінде 9 маусымға тағайындалған ҚР президенттінің кезектен тыс сайлауында Сәдібек Түгелді президенттікке кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы қабылданды. ОСК хаттамасы негізінде Түгелді 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлануына кандидат ретінде тіркеп, кандидатқа тиісті куәлік берілді. Кандидатқа «Халық жинақ банкіне» арнайы уақытша шот ашу үшін тіркелу туралы мәліметтер беріледі. Сондай-ақ, отырыста БАҚ-қа кандидат Түгелді тіркеу туралы ақпараттық хабарламаны жариялау белгіленді.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр