"Садақа беруді тоқтату керек": Аружан Саин тілемсек балалардың мәселесін көтерді

Еліміздің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин тілемсек балалар туралы сөз қозғады. Ол қазақстандықтардан мұндай балаларға садақа бермеуін, сонымен қатар олар туралы ақпарат пен фотосуреттерін жіберуді сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Саин Instagram желісіндегі жазбасында көшеде қайыр тілеп жүретін балалар мен кішкентай баланы ұстап, қайыр тілеп отыратын ересектер туралы өзіне көп жазатынын айтты. Ол мұндай балаларға көмектесу үшін, қаазқстандықтардан баламен бірге жүрген тілемсектердің және балалардың фотосуретін, сонымен қатар суреттің қашан және қайда түсірілгені туралы ақпарат жіберуін сұрады. 

Бұл орайда омбудсмен бір жыл бұрын болған оқиғаны еске алды. Сол кезде Еркін Тәтішев көшеде тілемсек қызды кезіктіріп, полиция шақырған. Алайда осы кезде қыздың «ағасы мен тәтесі» пайда болып, баланы тәртіп сақшыларына бергісі келмеген. 

«Полиция келіп, қызды кәмелетке толмаған балаларды бейімдеу орталығына, ересектерді бөлімшеге алып кетті. Қыз қайыр тілеп жүрген, мектепке барамған.  Алайда ол мектепте тіркелген. Арада бірнеше күн өткеннен кейін қыздың атасы келіп, оған баланы берді», - деп жазды бала құқықтары жөніндегі уәкіл. 

Саинның сөзінше, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша инспектор мен аудандық прокуратурадағылар аталған отбасыны үнемі бақылап жүргеніне қарамастан, ақырында қызды «Шымкентке алып кетіпті». Артынша дәл сол қыз қайтадан көшеде қайыр тілеп жүрген. 

Омбудсмен бүгінде ол қыздың 8 жаста екенін және оны табыс көзі ретінде пайдаланғаннан кейін, есейгенде қандай болатыны айтпаса да түсінікті екенін жазды. 

«Әзірге кішкентай, адамдардың аяушылығы арқылы ақша табады, ал есейгенде не болады?» - дейді Саин. 

Сонымен қатар Аружан Саин банкирдің қыздың отбасына көмек қолын ұсынып, анасы, «ағасы мен тәтесін» жұмысқа орналастыратынын айтқан. Алайда қыздың туыстары мұндай ұсыныстан бас тартыпты.

«Мұндай жағдайды өзгертеуге қандай шаралар көмектесе алатынын түсіну керек. Бастысы, Зүлфия Байсақов өз сұхбатында айтқандай, әзірге тек бір әдіс арқылы күресуге болады: «Қазақстандықтардың барлығы оларға ақша беруді тоқтатуы керек. Олар ақша беруді тоқтатқанда, мұндай балаларды қайыр тілеуге тартпайтын болады», - дейді Аружан Саин. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің сөзінше, тілемсек балаға көмектесу үшін, полиция шақырып, тәртіп сақшыларының келгенін күтіп, баланың мұнан арғы тағдырын бақылау керек.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

8 баласы бар отбасы 100 шаршы метрдегі үйде тұрып жатыр

"Әлі де кемшіліктер бар": Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы

Президент: Тіл мамандары әліпбиді жетілдіруі керек
Çàãðóçêà...