Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбит Нұрлыбай экология министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды

Сәбит Нұрлыбай экология, геология және табиғат ресурстары министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сәбит Нұрлыбай экология министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды

«Мемлекет басшысының өкімімен Сәбит Нұрлыбай Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды», - делінеді хабарламада.

Сәбит Нұрлыбай 2018 жылдың тамыз айында энергетика министрінің орынбасары болып тағайындалған.

Еске сала кетсек, 17 маусымда Қазақстанда Экология, геология және табиғат ресурстары министрлігі құрылды. Оның басшылығына бұрынғы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев келді. 

Талқылау