Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сабақтан шыққаннан кейін барыпты": Петропавлда жоғары қабаттан секіріп, көз жұмған қыз туралы тың дерек пайда болды

Петропавлда №40 орта мектебінің оқушы көпқабатты үйдің шатырынан секіріп, мерт болған. Мұғалімдер мен сыныптастары қыз туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Петропавлда 15 жастағы қыз 16 қабатты үйдің шатырынан секірген.

Айтуларынша, ол үлгілі, жақсы оқитын қыз болған. Осы уақыттары соңғы қоңырауға дайындалып жүрген. Бірақ сабақтан шыққанда осындай қадамға барыпты. Қызды өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не нәрсе екенін ешкім болжай алмады.

"Мейірімді, беделге ие, үлгілі қыз еді. Мұғалімдер, ата-анасы, мен де мұндай жағдай болады деп мүлдем ойламадық. 10-сыныпқа бармақшы еді, көркемсурет мектебін барып, сурет салатын. Шығармашыл қыз еді, дизайнер болуды армандайтын", – деді мектеп директоры Роза Мырзатаева

Отбасында, сынып жетекшісінің айтуынша, жанжалды жағдайлар болған жоқ.

Талқылау