Қазақстандық жанкүйерлер Роналдудың әйелінің парақшасына жаппай “шабуыл” жасады

Фото:Джорджино Родригестің Threads желісіндегі парақшадан
Әлемге әйгілі футболшы Криштиану Роналдуның сүйіктісі Джорджина Родригес Threads желісінде күйеуімен бірге түскен ашық суреттерін жариялап, жанкүйерлердің қызу талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суретте жұп жартылай жалаңаш күйде төсекте жатып, беттеріне маска қойған.
Бұл жазба желіде аз уақыт ішінде таралып, миллиондаған қаралым мен пікір жинады.
Желі қолданушыларының арасында қазақстандықтар да белсенділік танытып, түрлі қалжыңға толы пікірлер қалдыруда.
"Бұл бұл жерде не істеп жүр?", "Джорджино апай, не істеп жүрсіз?", "Роналду менің ағама ұқсайды", "Бұлар біздің пікірлерді көріп, түсінбей жатқан шығар", "Бұл жерде кілең қазақтар отыр", "Джорджиноның бұл суреті қазақ посттарының арасындағы үзіліс сияқты", "Ассалаумағалейкум, Криш! Threads-қа қош келдің, қазақтар осында!" — деген сынды пікірлер жиі кездеседі.
Пікірлермен қатар, түрлі мемдер де кеңінен тарала бастады.

Айта кетейік, Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес 2016 жылдан бері бірге тұрады. Биыл әйгілі футболшы сүйіктісіне ресми түрде үйленуге ұсыныс жасап, қымбат гауһар тасты сақина сыйлаған еді. Бұл жаңалық та желіде үлкен резонанс тудырған еді.
Джорджина Родригестің әкесі — испан, анасы — аргентиналық. Ол — актриса, модель әрі жеке кәсіпкер. Жұлдызды жұптың екі ортақ қызы бар: Алана Мартина және Белла Эсмеральда. Сонымен қатар, Роналдуның суррогат аналардан туған үш баласы — Криштиану кіші, Матео және Ева — бірге өсіп келеді. Қазіргі таңда отбасы бес баланы тәрбиелеп отыр.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік

