Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Рөлде әкесі емес, жігіт отырды": Семейде көлік қағып қаза тапқан Аяжанның туыстары тергеуде бұрмалау бар екенін айтты

Семейде жаяу жүргіншілер жолағында көлік қағып, қаза тапқан 21 жастағы Аяжанның туыстары оқиғаға кінәлі жігіттің орнына күдікті ретінде оның әкесі ауыстырылғанын айтып шағымдануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Время” порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото “Время” порталынан

23 қыркүйекте 58 жастағы Toyota Land Cruiser 200 маркалы автокөліктің жүргізушісі Бозтаев көшесінде келе жатып, жаяу жүргіншілер жолағымен өтпек болған қызды қағып кетті. Салдарынан қыз ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмды.

Осыдан кейін марқұмның әпкелері әлеуметтік желіде хабарлама таратып, құзырлы органның арызды қабылдағанымен, тергеу нәтижесі нашар екенін жеткізді.

“Камерадан ештеңе көрінбейді дейді және бейнебақылау камераларына қол жеткізе алмаған. Рөлде жігіт болған, ал қазір бүкіл кінәні өзіне әкесі алып отыр. Оның жүрек ауруы бар екенін айтып, жол апаты кезінде жағдайы нашарлағанын сылтау етуде”, – делінген жазбада.



Марқұмның әпкелері кінәлінің жазадан құтылмауы үшін куәгерлердің хабарласуын сұрайды. 

Осы орайда Абай облысының полиция департаменті таратылған ақпаратты жалған деп, заң алдында жауапкершілік туралы ескертті.

“Бізде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар да Rabbit-тан да бар. Тергеу жүргізілуде. Бұл оқиға полиция департаментінің басшылығы тарапынан бақылауда. Ешкім жауапкершіліктен құтылмайды. Барлығы заң аясында”, — деді Абай облысы ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Дина Амренова.

Талқылау