Ринат Зайытовтың анасы дүниеден озды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі
Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың анасы бақилық болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Суық хабарды депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
“Ринат Зайыт бауырымыздың анасы қайтыс болды. Асылынан айырылған досымның қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Сұрап жатқандар үшін жаназа намазы да, жерлеу рәсімі де Семей қаласында өтетінін айта кетейін”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ринат Зайытов әріптестерін сынап тастағаны хабарланған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген