Рыбакина мен Путинцева Дубайда өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына жолдама алды
Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Дубайда өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымы шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлемнің оныншы ракеткасы Елена Рыбакина US Open 2019 чемпионы Бьянка Андреесканы жеңді.
Ойын 1 сағат 31 минутқа созылды. Нәтижесінде отандасымыз 6:3, 6:4 есебімен басым түсті. Оның келесі қарсыласы чехиялық Мари Бузкова болады.
Юлия Путинцева сайыстың бірінші айналымында хорватиялық Петра Мартичпен ойын өткізді. Матч қорытындысы бойынша 6:4, 0:6, 6:2 есебімен Путинцеа жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 47 минутқа созылды.
Келесі айналымда Юлия Путинцева чехиялық Петра Квитоваға қарсы ойнайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

