Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік жұлдыз Лолита Атырауға келіп кілем сатып алды

Ресейлік танымал әнші Лолита Атырауға жасаған сапары кезінде қазақстандық кілемдерді мол қылып сатып алыпты. Әнші Қазақстанның батыс өңіріне үйлену тойында ән салу үшін келіпті.

e389a65bb48e2fff9a4ab80b350d18a9

Фото: aif.ru

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Лолита да әртістер арасындағы жазылмаған заңдылықты қатаң сақтап, жекелеген тойлардағы өнер көрсеткенін жария ете бермейді. Дегенмен Атырау дүкендеріне барғаны кілем сатушылардың ұялы телефонының кадрларына ілініп қалыпты. Олардың сөзінше, Ресей эстрадасының жұлдызы шығыстық үлгіде өрнектелген екі кілем сатып алған.

3a1f9f5570bcf02e9e5e9b356e6adbbf

Қолдан тоқылған жібек кілемдерді сатып алу үшін әнші 500 мың теңге жұмсаған. Ал белгілі болғандай, Лолита Атыраудағы тойда жергілікті жұлдыздар Розы Рымбаева, Дилназ Ахмадиева, Арарат Кещяндармен бірге ән салған.

Лолита Милявская Ресейдің ең үздік әртістерінің қатарынан ойып тұрып орын алады. Интернеттегі мәліметтер бойынша, оның бір ән айтқанының өзі 15 мың долларға бағаланады екен.

Талқылау