Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік браконьерлер қазақстандық инспекторларға тап беріп, оқиға орнынан қашып кеткен

Қазақстандық инспекторларға тағы да шабуыл жасалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап. 

Бұл жолы оқиға еліміздің солтүстігінде орын алған. Аң аулау шарушылығының қызметкерлері Сібір елігін өлтіріп, көлікке тиеп жатқан браконьерлерді жолықтырып қалған. Алайда жеңіл асқа тік қасық болғысы келген аңшылар оңайлықпен берілуді жөн көрмепті. Олар инпекторларға тап беріп, ұялы телефондарын тартып алған. Оқиға орнынан қашып кетпекші болған браконьерлерді іздестіруге полиция күші жұмылдырылыпты. 

Жыл басынан бері Қазақстанның солтүстік-шығысында 13 заңсыз аң аулау ісі тіркелген. Дегенмен бұрын әшкере болған браконьерлер қарсылықсыз беріліп жүрген. Бұл жолғы оқиға мүлдем басқа сипат алыпты. Рұқсатсыз аң аулап, қашып кетпекші болған аңшылар орман қоғаушыларына тап беріп, біреуінің ұялы телефонын тартып алған. Браконьерлер «Лексус» көлігіне мініп қаша жөнелгенде, тіпті, атып өлтірген еліктің тушасын алуды да ұмытып кеткен. Оқиға орнынан із суытып, 10 шақырым қашықтықты жүріп үлгерген аңшыларды полиция қызметі қолға түсірген. 

«Николаевка ауылының маңында тосқауыл жасағының көмегімен 3 адам ұсталды. Олардың бірі Ресей азаматы екендігі анықталды. Қазіргі таңда сот алды тексеріс амалдары басталды», - деді Есіл аудандық полиция бөлімінің басшысының орынбасары Сағындық Жантеміров. 

Инспекторлар оқиға туралы сөз айтудан бас тартты. Ал браконьерлердің көлігінде аңның қан іздері қалып қойыпты. Сонымен қатар ұсталғандардан аңшылық қаруы мен оқ-жарақтар тәркіленді. 
 

Талқылау