Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел Кремль алдында жартылай жалаңаш суретке түскені үшін қамауға алынды

Мәскеудің Тверь соты екі апта бойы ұсақ бұзақылық үшін Кремльдің алдында жартылай жалаңаш күйде фотоға түсіп, оны жариялаған қызды қамауға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Ксения Гамова Ресей ӘҚБтК 20.1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 14 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деді агенттіктің сұхбатшысы.

Рита Фокс лақап атымен ересектерге арналған фильмдер акрисасы ретінде танымал Ксения Дамова  әлеуметтік желілерде Кремльдің алдында жалаңаштанған суреттерін жариялаған.

Ксения Дамова өзінің Telegram-каналында соттың шешіміне шағымданбайтынын айтқан.

“Мен әрқашан патриот болғанмын. Ресейді жақсы көремін. Өмірімде бірінші рет бәрі айтатын Кремль мен Кызыл алаңға келдім. Осынша әдемілікті суретке түсіре алмай тұра алмадым: Ресей, Мәсеу, Кремль, мен және менің жамбасым. Бұл суретпен ата-бабамызды қорлағым келген жоқ”, – дейд ол.

Талқылау