Ресейге өткізіп жібермекші болған: Ақбөкендерді жаппай қырғандарға қарсы сот ісі аяқталды

Үш бірдей инспектордың өлімінен соң еліміздегі браконьерлердің шетелдермен байланысып отырғаны анықтала басталды. Олар кейбір қорықшылармен сыбайласып, ақбөкендердің мүйізін Нұр-Сұлтан арқылы Ресейге жіберуді жоспарлаған. Сол үшін 154 бас ақбөкенді қынаша қырып тастапты. Ал осындай бір ғана қырғынның шығыны 1,5 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ресейге өткізіп жібермекші болған: Ақбөкендерді жаппай қырғындарға қарсы сот ісі аяқталды
Сегіз  айға жуық созылған тергеу енді ғана аяқталып жатыр. Тергеу ісі көрсеткендей қырылған әрбір ақбөкеннің жанынан бір сериялы аңшы қаруының оғы табылған. 

«Тергеу қорытындысы бойынша «Охотзоопром» өңірлік филиалының қызыл кітапқа енген жануарларды қорғауға тиіс екі қызметкердің қатысы бары дәлелденген. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының 46 жастағы тұрғыны іске қатысы бар екендігі дәлелденді. 217 мүйіз тәркіленді», -деді Ақмола облысы Полиция департаментігінің баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук.

154 киіктің шығыны 1 млрд 435 млн теңгеге бағаланған. Жалпы, жыл басынан бері браконьерлер мүйізі үшін 589 ақбөкенді атыпты. 11 айда үш инспектор қаза тапты. Сол себепті браконьерлерге жаза қатаймақ. 

Ал Қорғалжындағы инспекторлар сияқты өз міндетін ұмытып, аңшылыққа көмектесіп кетпеуі үшін, сыбайластықтың алдын алу мақсатында  ынталандырудың жаңа әдісі енгізлуі мүмкін. 

«Сирек жануарларларды атқаны үшін ұсталған браконьерлер мемлекетке айыппұл төлейді. Сол айыппұлдың 30 пайызын заңсыз аңшылық жасаған адамдарды ұстауға көмектескен инспекторларға сыйақы ретінде табысталуын қолға алуды көздеп ұсыныс жасап отырмыз», - деді ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы.

Қазіргі таңда ел аумағындағы жан-жануарларды қорғайтын инспекторлардың саны 700-дей ғана екен. Қорғайтын аумағына шаққанда олардың әрқайсысы 10 мың гектар жерге жауапты болып шығады. Өмірлеріне қауіптілігі тағы бар. Оны естіген шенділер оқтан қорғайтын киіммен инспекторларды қамтамасыз етуді қолға алып отыр.  


Қазақстанның Қызыл кітабына қандай жануарлар енгізілген

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қар барысы туралы қызықты деректер

Қар барыстары адамдарға бірінші болып шабуылдамайды

Moody's агенттігі «Банк ЦентрКредит» АҚ рейтингін растап, болжамды «жағымды» деңгейіне дейін жақсартты 

"Moody's" халықаралық рейтингтік агенттігі "Банк ЦентрКредит" АҚ рейтингін халықаралық шкала бойынша растады.

Сайқымазақ Саматты ұрған студент оқудан шығарылды

Сайқымазақ Кроханы сирек кездесетін генетикалық аурумен ауырады

Қызылордада көлік аялдамада тұрған үш адамды қағып өлтірді (видео)

Тағы 2 адам әртүрлі дәрежеде жарақат алды

Би туралы қызықты деректер

Майамиде бір уақытта 119 986 адам конга биін билеген

Қыздарға кеңес: Жігіттер танысудың бірнеше жолын айтты

Әңгімені бастаудың ең жақсы тәсілі - адамды мақтау

Студентті өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған оқытушы Cоколовтың өзіне қол салмақшы болғаны видеоға түсіп қалған

Полицейлер ұстаз енді бұлай істемейді деп сендірді

Алматы билбордтарындағы есірткі жарнамасы: "челендж" партнері болған блогердің әңгімесі

Блогерлер кінәлі деп ойламаймын

Ер азамат бостандықта жүрген педофил жайлы естіп, оны бірер минуттан соң ұстаған

Қылмыскерді өзі ұстап, полицияға хабарлаған

Жер туралы қызықты деректер

Бір секунд ішінде Жерге шамамен 100 рет найзағай түседі
Çàãðóçêà...