Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейден Қазақстан шекарасына өткісі келетіндердің саны артқан жоқ – БАҚ 

Ресейдегі соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстанға кеткісі келетіндердің саны артпаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

шекара

ТАСС басылымының мәліметінше шекара бекеттері қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. 

"Барлығы штатты режимде жұмыс істеп тұр, елден кеткісі келетіндердің саны артқан жоқ", – деп мәлімдеді Ресей федералды қауіпсіздік қызметі Саратов облысы бойынша шекара басқармасының өкілдері. 

Еске салайық, “Вагнер” жеке әскери компаниясының жетекшісі Евгений Пригожин Ресейдің қорғаныс министрлігі әскерилерге соққы жасағанын мәлімдеген еді. Кейін Пригожин Ресейде “әділдік маршын” өткізетінін хабарлады. 

“Вагнер” жетекшісінің мәлімдемесінен кейін Ресей билігі әскери төңкеріс дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғады. Ал БАҚ беттерінде “Вагнер” әскерінің Ростов аймағында байқалғанын жазды. 

Көп ұзамай Мәскеуде антитеррористік шаралар басталды. Қала мэрі Сергей Собянин жолдарда қосымша бақылау енгізіліп, жаппай іс-шараларға шектеу енгізілетінін хабарлады. 

Ал төңкеріске қатысты пікір білдірген Ресей президенті Владимир Путин мұны “сатқындық” деп атап, төңкеріске қатысқандардың барлығы жазаланатынын мәлімдеді. 

Дегенмен Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөз жүргізген Евгений Пригожин “Вагнер” сарбаздарының “қан төкпеу үшін” кері қайтатынын хабарлады. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 26 Маусым, 2023 07:08