Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

9-қабаттан құлаған ер адам жоғарғы қабатқа өз бетінше көтерілген

Мәскеуде 23 жастағы тұрғын тоғызыншы қабаттан құлап аман қалған. Ол жоғарғы қабатағы пәтеріне өз бетінше барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жедел жәрдем

Оқиға болған уақытта пәтерде жас жігіттің туысы болған. Ол жігіттің кіреберісте тұрғанын көрген. Бұдан кейін әйел жедел жәрдем шақырған. 


57 жастағы әнші әдейі коронавирус жұқтырам деп көз жұмды


Жігітті ауруханаға алып барған соң жеңіл жарақат алғаны анықталды. 23 жастағы тұрғынның айтуынша, жолы болып кіреберістегі бұталардың үстіне түскен. Құлаған соң орнынан тұрып, пәтерге кірген. 

Айта кетейік, бұған дейін жаңа туған нәрестенің орманда екі күн жалғыз түнеп, аман қалғаны туралы хабарлаған едік. Оқиға Таиландта болған. 

Талқылау