Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей колледжіндегі атыс: Көз жұмған студент үйленгелі жүрген

Ресейдің Амур облысы Благовещенск қаласындағы құрылыс колледжінде атыс салдарынан көз жұмған студент Андрей Голубничий үйленгелі жүрген екен.

Ресей колледжіндегі атыс: Көз жұмған студент үйленгелі жүрген

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Telegram желісіндегі Mash арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Арна мәліметінше, курстасының қолынан көз жұмған жас жігіт жақын күндері сүйіктісі Даринаға ұсыныс жасамақ болыпты. Алайда ол бүгін оқу ғимаратында болған атыс салдарынан дәрігерлер жеткенше көз жұмды.

Еске сала кетсек, бүгін, 14 қарашада Ресейдің Благовещенск қаласындағы Амур құрылыс және тұрғы үй-коммуналдық шаруашылық колледжінің ғимаратында оқу орнының 4-курс студенті Даниал Засорин атыс шығарды. Оқиға салдарынан студенттің өзін қосқанда екі адам көз жұмып, тағы үшеуі жарақаттанды. Хабарланғандай, атыс шығарған студент өзіне қол жұмсаған.

Талқылау