Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей COVID-19-бен күресу үшін Қазақстанға 2 млн доллардан астам қаржы бөлді

Ресей үкіметі жаңа коронавирустық инфекциямен күресу үшін Қазақстанға гуманитарлық көмек көрсетуге РФ ТЖМ-не 150 миллион рубльден астам қаражат немесе 2,079 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ИВЛ"1725-р" нөмірі белгіленген өкім ресми интернет-порталда жарияланған.

"2020 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасының халқына жаңа коронавирустық инфекциямен күресте жедел гуманитарлық көмек көрсету мақсатында: 2020 жылы Ресей ТЖМ-не РФ үкіметінің резервтік қорынан 150 миллион рубль мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлу", - делінген Ресейдің премьер-министрі Михаил Мишустин қол қойған өкімде.

Қаражат дәрі-дәрмектерді, жеке қорғану құралдарын және медициналық бұйымдарды сатып алу шығындарын төлеуге жұмсалады.

Аталған дәрі-дәрмектер мен бұйымдарды Қазақстан Республикасына жеткізу жөніндегі шығыстарды төлеуге қаражат бөлінді.

Ресей ТЖ министрлігіне дәрі-дәрмектерді, жеке қорғану құралдарын, медициналық бұйымдарды Қазақстанға сатып алу және жеткізу тапсырылды. Сондай-ақ бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау және 2021 жылғы 1 ақпанға дейін тиісті баяндама ұсыну міндеті жүктелді.

Сыртқы істер министрлігі гуманитарлық көмекті жеткізу мен беруге жәрдем көрсетеді.

Бұған дейін Қазақстанға Мәскеуден Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гридневтің басшылығымен 32 жетекші маманнан тұратын делегация келді.

Олардың ішінде инфекционистер, реаниматологтар, анестезиолог-реаниматологтар, эпидемиологтар, пульмонологтар бар.


 

Талқылау