Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей армиясына тағы 400 мың адам шақырылады

Ресей президенті Владимир Путин Украинада қарулы күштерінің қатарын толықтыру үшін тағы 400 мың адамды әскерге шақыруға бұйрық берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Rast.kz сайтына сілтеме жасап. 

мобилизация

Ресей билігі мәжбүрлікпен жүргізілген бірінші мобилизацияны қайталамауға тырысып жатыр. Ал әскерге ішінара жұмылдырудың бірінші кезеңінде ел жаппай соғысты қолдаудан бас тартып, бірден шетелдерге қарай қашқаны белгілі. Сол кезде, яғни былтырғы қыркүйек айынан бері  мобилизациямен Украинаға барғандардың барлығы дерлік  бірден соғыс майданына жіберілді. Олардың көпшілігі қаза тапты.

Ал қазіргі науқанның мақсаты жалдамалыларды қатарға тарту арқылы Ресейдің Украинадағы әскері санын қайтадан көбейту болып отыр.

Шетел сарапшыларының айтуынша, Ресей билігінің жоспары орындалмай қалуы мүмкін. Себебі, қазір Ресей армиясына тұрмыстық жағдайы өте нашар адамдар қосымша табыс көзін табу үшін ғана барады.

Талқылау